Сарыағаш ауданына әкім тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев тағайындалды. 

Мұхит ОТАРШИЕВ  1981 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Білімі – жоғары. Біліктілігі – заңгер, экономист. 
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған.  2010 — 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология департаменті бастығының орынбасары, Жайық-Каспий экология департаментінің бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған.  2012 — 2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *