ҚҰЖАТТАР МАМЫР АЙЫНЫҢ 18-І МЕН 30-Ы АРАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҚР Президенті Қ. Тоқаев  ұсынған  «5-10-20»  тұрғын үй бағдарламасына кімдер ілінеді? Көптің көкейінде жүрген сауалдарға  Шымкент  қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов  арнайы жауап берді.

 Мемлекет басшысы ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасына бірінші кезекте көпбалалы  отбасылар ілінеді. Сонымен қатар тиімді баспанаға толық емес отбасы және мүгедек бала асыраушы ата-аналар ілінеді. Бұл отбасы мүшелері  тұрғын үй жинақ банкінің салымшысы болуы шарт.Құжаттар  мамыр айының 18-і мен 30-ы аралығында қабылданады. Бағдарлама қатысушыларына ыңғайлы болу үшін тиісті құжаттар   «Баспана.кз»  сайты арқылы тіркеледі.

Ғалымжан Төлепов – Шымкент қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы

 -Кредит беру талаптарына тоқталатын болсақ. Нысаналы мақсаты бастапқы және қайталама нарықтағы үйлерді сатып алуға болады.  Тұрғын үй 15 млн теңгеден аспау керек. Отбасының табысы әр мүшеге шаққанда 62362 теңгеден келу керек.

 

 Bozyq.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *