ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысының  жастары 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тазалық жұмыстарын өткізді.


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері кесене маңын тазалап,  барынша абаттандыруға күш салды.

«Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе, киелі орындар мен саябақтардың, қала көшелерінің тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті. Табиғатты аялау, қоршаған орта тазалығын сақтау – бүгінгі күннің басты талабы мен баршаға ортақ іс»,-дейді акцияға қатысушылар. 

Жастар қала тұрғындары мен қонақтарына елімізді таза ұстау, қаланың сәнін келтіру, оны көрікті ету жергілікті атқарушы биліктің ғана міндеті емес, оған тұрғын ретінде баршамыз атсалысумыз қажет екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *