ЖАС ҒАЛЫМДАР АЭС-ТІҢ ПАЙДАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы ғылымда жаңа бағыт құруға мүмкіндік бермек.

Талқылауға ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталықтың және отандық жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Қазіргі атом энергетикасына қатысты әртүрлі тақырыптар талқыланды. Жиында ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды әзірлеуден бастап, әлемнің әртүрлі елдеріндегі кадрларды даярлау жүйелері сөз болды. Жас ғалымдар атом өнеркәсібін құратын дамушы елдердің тәжірибесіне ерекше назар аударды. Қазақстанға қатысты Энергетиканың жаңа түрі жердің табиғи байлығын, атап айтқанда, қазіргі уақытта шикізат ретінде экспортқа шығатын уранды барынша толық және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Медеу Әбішев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі:

– Қазіргі уақытта біз Қазақ ұлттық университетінде Ядролық инженерлерді дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін біз ядролық физиктерді дайындадық, бірақ физиктер мен инженерлер әртүрлі. Сондықтан біз осы қондырғыларда тікелей жұмыс істейтін инженерлік кадрларды даярлауға көштік. Бұған бізден басқа тағы 6 оқу орны қатысады.

Ақмарал Ғаниқызы — Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *