Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандыратын сауалдарын жолдап, жан-жақты жауаптар алды.
Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Садықов студенттерге референдумге барып, ел дамуы үшін өз таңдауларын жасауға шақырды. Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселесі де сөз болды.
Студенттерге әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы кеңес берілді. Ұлт араздығы мен діни араздықты ушықтыру жағдайларының заң аясындағы салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың әскери борышты өтеудегі парызы, елжандылық, отансүйгіштік сынды мәселелер ашық айтылды.
Студенттер де қарап қалмады. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.