ЕРІКТІЛЕР ЖОЛ САПАСЫНА ЗЕР САЛДЫ 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ағымдағы жылы Абай ауданы, Нұршуақ шағын ауданында  жалпы ұзындығы 13,1 шқ құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Бұл апта «Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталы»  РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары мен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған еріктілер тобы 12 көшеге тексеру  жұмыстарын жүргізді.

Мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС-гі. Сметалық құжаттамағы сәйкес екі қабат асфальт жабындысы (9 см), жол жиегі және аяқжол қарастырылған.  Техникалық қадағалаушы мекеме «Строй Инновация KZ» ЖШС-гі. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

«Осы көшенің сапасын зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Стандарттарға сәйкестігін, құрылыс барысының дұрыстығын, елге халыққа тиімділігін қарастырып жатырмыз»,-дейді Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі  Жасмин Ашимова.

Биыл Шымкент қаласындағы  354 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 49,9 шақырымы қайта жаңғыртылса, 17 шақырымнан астамын күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Ал 29 нысанда яғни,  92,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *