Келес ауданында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына 10 мыңнан аса тұрғын қатысты. 27 техника жұмылдырылды. Аудан көлемінде 15 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Тазалық шарасының барысын қадағалап, қажетті ресурстармен қамту жұмыстарын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бақылауында болды.
— Тазалық — аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Таңғы 7:00 ден басталған тазалық шарасына аудан тұрғындары, мекеме қызметшілері және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсенді түрде қатысуда. Осы ретте, аудан тұрғындарын «Бүкіл әлемдік тазалық күніне» өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз. Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңайынан басталатыны белгілі. Сол себептен өз аулаңыз бен есік алдарыңызды күл-қоқыстан, ретсіз өсіп кеткен ағаш, шөптен арылтып, арық-атыздардың тазалығына ат салысуларыңызды сұранамыз. Маңызды шарадан қалыс қалмай, ортақ үйіміздің көркеюуіне үлес қосайық, — деді Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық акциясына өңірдегі қоғам, әлеуметтік желі белсенділері де атсалысты.