ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытындытексерісі аяқталды. Іс-шара 11-16 қарашааралығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен өтті.
Бір апта ішінде әскери қызметшілер саптық,мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және денешынықтыру дайындықтары бойынша сынақтартапсырды. Сондай-ақ олар жалпыәскерижарғылар мен қорғаныс РХБ пәндеріненбілімдерін көрсетті. Теориялық білім де, практикалық дағдылар да тексерілді.
Әскери қызметшілер атыс дайындығынан нормативтерді «Ақтас» оқу орталығындатапсырды. Онда әскери қызметшілердің штаттық қаруды Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын игеру бойынша кәсіби дағдылары тексерілді.
Атыс дайындығынан 3 жедел мақсаттағы батальонның әскери қызметшілерінің біріефрейтор Мақсат Байбатыров ерекше назараударды, ол Калашников автоматынан ату кезінде 100-ден 99 ұпай жинады. Мұндай жоғары нәтижеәскери қызметшінің шеберлігін ғана емес, сонымен қатар командирлер белсенді жүргізетінжаттығу процесінің тиімділігін де көрсетеді.
Тексеру қорытындылаумен аяқталды. Өңірлік қолбасшылық комиссиясы қорытынды тексерудіңсәтті аяқталуы жеке құрамның даярлығыныңжоғары деңгейін және қойылған міндеттердіорындауға дайындығын айғақтайтынын атап өтті.
Қорытынды тексерістің басты мақсаты жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін жәнежеке құрамның дайындық деңгейін анықтауболып табылатынын атап өткен жөн. Оның нәтижелері бойынша әскери қызметшілер өздерінің сыныптық біліктілігін арттырады, олүшін ақшалай жәрдемақы төленеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі