ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі күрес бәсекесіне 9 елдің, яғни Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолияның 150-ге жуық спортшысы қатысып, өзара кіл мықтыны анықтауда.

Қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған доданың бағдарламасына сәйкес, балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде белдеседі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық қарастырылған. Атап айтқанда, Әлем кубоггының жеңімпаздарына 500 мың теңгенің, сәйкесінше күміс және қола жүлдегерлеріне 300 және 200 мың теңгенің сертификаттары табысталады. Сонымен қатар жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да ақшалай сыйлық бар.

Айта кетейік, Халықаралық доданың салтанатты ашылу барысында жарысты ұйымдастырушысы Самат Әкімбекұлы Рысбековке, ҚР Туризм және Спорт министрлігінің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *