ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 1500-ДЕН АСА ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жетісай ауданында 3 елді мекен табиғи газға қосылды. Бұл шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және аудан басшылары қатысты.

Газбен қамтамасыз етілген ауылдар – Қызылқұм округіндегі Ақтөбе, Мақталы, Ш.Ділдәбеков округіндегі Күрішті елді мекендері. Жалпы, 147 отбасы, 790 адам Ақтөбе, 111 отбасы, 586 адам Мақталы, 34 отбасы, 179 адам Күрішті ауылында көгілдір отынға қосылды. Газдандыру жұмыстары 3 жылда толық аяқталады.

Өткен жылы Жетісай ауданында 71 елді мекен газбен қамтылып, газдандыру көрсеткіші 67,6%-ды құрады. 2024 жылы тағы 29 елді мекенге газ тарту үшін 3,4 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде 21 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталды. Мамандар биыл 85,7%-ға жетуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *