ШЫМКЕНТТЕ КОРАНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ТАҒЫ 11 АДАМ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған.

Дәрігерлер оларды емдеу барысында аса бір асқынулар болмағанын айтады. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткен. 3 мамыр күні 11 науқас ауруханадан шығарылған. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *