РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРАЛЫ ӘБІШОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Нұралы Әлмаханұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 учаскесінде дауыс берді.

«Бұл жай ғана дауыс беру емес — бұл біздің ортақ болашағымызға, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілік. Референдум — мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды. Дауыс беру учаскесіндегі сайлаушылардың көптігінен бұқараның болашаққа деген сенімін көрдім. Ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан баршаңызға рақмет!» — деді облыстық мәслихат төрағасы.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда облыс тұрғындары маңызды шараға белсенді қатысуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *