Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп тобына жататын отбасыларды анықтап, оларға қажетті қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту көзделіп отыр.
Аталған шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады. Олардың бірлескен жұмысы қоғамдағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
«Қауіпсіз үй» – бұл тек жоба ғана емес, әрбір азаматтың бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған ортақ міндет. Отбасындағы татулық пен өзара құрмет – қоғам тұрақтылығының негізі.
Осы орайда барша тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті бірге қорғауға шақырамыз!