МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ҚҰНЫ АРТАДЫ

Бүгінгі Ұлттық кеңесте көтерілген мәселелердің бірі оқытушылардың еңбегінің маңыздылығы жөнінде айтылғаны көңілге қонды.

Президенттің әсіресе, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарды ынталандыру шараларын қарастырдық деуі бізге күш-жігер бергендей болды.

Егер Үкімет мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін жолға қойса, онда оқу орындарындағы айтылып жүрген жемқорлық мәселесі туындамас еді деп ойлаймын.

Президенттің «білім гранттарының орташа құнын үш жүз қырық – төрт жүз жиырма мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам. Өйткені грант құны екі мың он бірінші жылдан бері өскен жоқ. Еліміздің он жоғары оқу орны әлемнің үздік бес инвестицияны талап етеді, негізгі көрсеткішінің бірі – осы» деп, отыр.

Демек болашақта талап та күшті болатыны сөзсіз. Білімді де білікті жастар тәрбиелеуде оқытушылардың еңбегі ескеріліп, аталған шаралар аясында іске асырылып жатса, әлімдік үздік жоғары оқу орындарымен бәсекелес бола аларымыз сөзсіз.

Арман Орынбеков,
Педагогика ғылымдарының магистрі, 90 ЖОББМ директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *