ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

«Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі өз жұмысын бастады.  Жаңа жоба  инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы болады деп жоспарлануда. Шымкент қаласының әкімдігі пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп қолға алған кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Жаңа жоба кәсіпкерлер мен инвесторларға сервистік қызметтің 6 түрін ұсынады. Кәсіпкерлер енді барлық жұмысын бір жерден ақ тындыра алады. Кеңсенің ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қызмет сапасына баса назар аудару қажеттігін қадап айтты. Кәсіп ашуды жоспарлап жүрген азаматтарға мемлекеттен берілетін қолдаулар туралы кеңінен түсіндіруді тапсырды.

Жиын барысында тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық алаңдардың әлеуеті таныстырды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге назар аударды. 2019 жылы қалада 69 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл көрсеткіш халықтың экономикаға жаппай тартылуын көрсетеді.

Жаңа жоба ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Яғни,  кәсіпкердің уақыты үнемделіп, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырудың қолжетімділігі артады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *