Шымкенттік полицейлер өздігінен жүріп-тұруы қиын қарттардың үйіне барып мерзімі біткен төлқұжаттарын рәсімдеп беріп жатыр. Еліміздегі жағдайға бай ланысты карантин кезінде жалпы қалада 348 азаматқа жеке куәлік берілген.
Төтенже жағдай кезінде жарамдылық мерзімі біткен немесе өтіп кеткен төл құжаттарды рәсімдеу әсіресе егде жастағы азатттар үшін біршама қиындық тудырды. Осының алдын алу мақсатында Үкіметтің арнайы № 283 қаулысы қабылданған болатын. Соның негізінде шымкент қалалық полиция департаменті жүйелі жұмыс атқарды. Көші-қон қызметінің инспекторлары Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп, қарт адамдар мен өздігінен жүріп тұруы қиын жандардың үйіне барып, төлқұжаттарын жаңалап берді.Көші-қон полицицясы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан құралған мобильді тобы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне жеке куәліктерін жаңартуға көмектесті. Тәртіп сақшылары тіпті карантин кезінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау да білдірді