ШЫМКЕНТ:ПОЛИЦЕЙЛЕР БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасып жатыр.    Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қоғамдық автокөлік ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілерге медициналық бетперде мен қолғаптар таратты. Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *