«АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛДЫ

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейді.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ — 3, Металлург саябағы — 3, Жеңіс саябағы — 3, Дендро саябағы — 3, Қошқар ата — 2.

@Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *