Шымкент қаласы бойынша індетке қарсы шектеу шаралары күшейтілген болатын. Қаулыға сәйкес сенбі, жексенбі күндері сауда орындары, қоғамдық көлік, тамақтану орындары сынды нысандар өз жұмысын тоқтатады.
Осыған орай қала аумағын залалсыздандару жұмыстары күшейтілді. Еріктілер мен сарбаздар тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін залалсыздандырды. Ал ауыр жүк көліктері ішкі көшелер мен елдімекендердегі ішкі орамдық көшелерге дейін дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.