КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫ ЖЕРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу ережесі өзгертілді. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. 

Қазақстандағы стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады «Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», — деді Алексей Цой. Айта кетсек, кейінгі деректерге қарағанда Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған. Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *