М. ӘЙТЕНОВ: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ БОС ЕМЕС

Шымкентте қауіпті кеселді жұқтырғандардың саны 3 596 адамға жетті.  1 маусым  мен 7 шілде аралығында қалада короновирус инфекциясы 2729 адамнан анықталған. Ал, пневмонияға шалдыққандардың саны күнсайын өсу үстінде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін баспасөз брифингін өткізіп тілшілер қауымы мен қала тұрғындарын толғандырған түрлі сауалдарға жауап берді.

Қала әкімінің сөзіне сексек, соңғы аптада 6340 науқас пневмониямен сырқаттанып, оның 6060-ы  ауруханаға жеткізілген. Бүгінде олардың тең жартысы емделіп шықты. Ал, ЖРВИ шалдыққандардың қатары 12 мыңға жуықтаған. Науқастардың көбісі аурухаларда орын жетіспегендіктен үй жағдайында ем қабылдауға мәжбүр.

  –  «51 емханада 633 төсек-орын 1 шілдеден бастап жұмыс жасауға кірісті. Күндізгі емдеу орындары күніне 2 мыңға жуық адамды  қабылдауға қаухарлы. Ал, коронавируске арналған төсек-орындар саны 300-ден 650-ге көбейген. Оның бүгінде 95 пайызы  бос емес,-деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Соңғы бір жеті ішінде жедел жәрдемге хабарласып көмек сұрағандардың қатары екі есе өскен. Короновирусқа қарсы қала қазынасынан 1,8 млрд теңге бөлінген екен. Оның 854 миллионы материалдық базаны күшейтуге жұмсалса, қосымша бөлінген 5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек пен жасанды тыныстау аппараттары алынған. Алдағы уақытта дәрі тапшылығын жою мақсатында шет елден дәрі-дәрмек алып келу үшін  8 кәсіпкерге рұқсат беріліпті. Жалпақ жұртты жұқпаға байланысты ақпаратпен хабардар ету мақсатында келер аптада арнайы сайт іске қосылады деп жоспарлануда. Ал, дәрі-дәрмектің белгіленген  бағасын dari.kz сайтына кіру арқылы білуге болады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *