ҚАРАТАУДА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

 Қаратау ауданының Бозарық елді-мекенінде  газ, су, жарық мәселесінің шешілгеніне де біраз болды. Дегенмен, тұрғындар әлі де атқарылар іс көбін айтады. Оларды көшелерде жарықтың жоқтығы мен жауын жауса жол бойын су алатындығы алаңдатады.

Аталмыш сұрақты аудан тұрғындары арнамызда тікелей эфирде өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтеновке де жолдап, жауап алды.  Сондай-ақ, балалардың онлайн оқуына  тұрғын алабында  интернет желісінің бәсеңдігі қиындық тудырып тұр. Аудан әкімінің орынбасары жақын арада бұл мәселенің оң шешім табатындығын жеткізді.

Ал, елді-мекендегі атаусыз көшелерге мароторий жарияланып, алдағы жылы атау берілетін болады. Айтып өтейік, Бозарықта биыл жаңа мектеп пен жаңа спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *