Еліміздің қаржылық платформасын одан әрі нығайту үшін, оның ішінде қаржы орталығының құқықтық юрисдикциясын дамыту мақсатында Үкімет мүшелері Астана Халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы инвесторға және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасына бірнеше мәрте келу визасын беру мүмкіндігін ұсына отырып, шетелдік жеке тұлғалардың капиталын елге тартуды қарастырады. Сонымен қатар заң жобасында орталық органдарының еңбек қатынастарын және сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқы бар екендігі жазылған. Бұл мәселелер Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.