ТУА БІТТІ КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ҚЫЗ ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Мен үшін қымбат жандардың бірі кішкентай Блинова Амалияның оқиғасы көптің есінде болар. Небәрі 2 жастан асқан кішкентай туылғанынан көз жанарынан айырылған. Алайда өмірге шексіз құштарлығы мені таң қалдырады. Өзі қабілетті, икемді. Ал, полиция қызметкерін жақсы көріп, біздерді білуге, тануға ұмтылысы мені және Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерін жігерлендіреді. Әрине, бұл орайда тәрбие беріп, полицияға деген дұрыс көзқарас қалыптастыруына әсер еткен анасы Оксана Игоревнаға алғыс айтамын.

 

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мен осы отбасын мерекемен арнайы құттықтап қайттым. Әрине бұл мақтан үшін жасалған дүние емес. Десе де, алғыс ретінде видео түсіріп жіберген екен. Біз азаматтардың, әсіресе кішкентай балалардың бақытты, қамсыз өмір сүруі үшін бар күш жігерімізді салатын боламыз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *