Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Қазіргі таңда, Бозарық шағынауданында 107 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде 49 тұрғын үй мемлекет бюджеті есебінен салынса, қалған 58 тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен салынуда.
Сонымен қатар, аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын салу жоспарланған.