«ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ» ҒИМАРАТЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралау барысында әскерилерге арналған әкімшілік ғимараты ретінде ыңғайластырылып жатқан нысанның жағдайымен танысты. Әскерилердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
– Құрылыс жоспарға сай жүргізіліп, аяқталуы тиіс. Сіздердің де ұсыныстарыңыз ескеріледі. Қолдау көрсету жағын қарастырамыз, – деді облыс әкімі.
Аталған нысанға тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. 2021 жылы басталған жұмыстар 2023 жылы қазанда аяқталады деп жоспарланған. Жаңа жобаға сәйкес бұзу жұмыстары 100%-ға, шатыр жабу жұмыстары 100%-ға, сыртқа фасад қаптау жұмыстары 100%-ға аяқталған. Оқ ату тирі мен ішкі инженерлік жүйелері 100% дайын. Ішкі әрлеу, сыртқы инженерлік жүйелер, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысанның техникалық құрал-жабдықтары тасымалдануда.
«Ұлттық ұлан» мекемесіне берілетін нысан жобасының 2-кезегіне түзету жұмыстары жүргізілген. Аумақты аббаттандыру бойынша топырақтар толық шығарылған. Гараж бен қойманың қабырғалары қалануда. Жылу қазандығын салу жұмыстары да аяқталуға жақын. Нысан басында 42 адам, 3 техника жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *