МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді .

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *