«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Келес ауданы Бәйтерек және Жамбыл-2 елді—мекендерін табиғи газға қосты.
Тұрғын үйлерге газ жеткізу салтанатына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркестаноблыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысынынорынбасары Роза Сариева, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты
Бұл ауылдарды табиғи газбен жабдықтау үшін газ құбырлары 2021 жылы салына бастады. Табиғи газ Байтерек, Жамбыл-2 елді—мекендеріне Ғани Мұратбаев атындағы газ тарату станциясынан (ГТС) көгілдір отынды жеткізу үшін 25 шағырымнан аса газ құбыры төселіп, 2 дана газ реттеу пункті, 414 дана газ реттегіш шкафты пункт орнатылды. Бүгінгі шараның арқасында 544 тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі бар.
Тұрғындарды бүгінгі қуанышымен құттықтаған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, газ мамандарының басты міндеті – әр шаңыраққа жылу мен қуаныш сыйлау екенін атап өтті.
Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен газды үнемді пайдалану ережелері жазылған ескертпе-парақшаларын таратты.
Жалпы, Түркістан облысы Келес ауданындағы 83 елді мекенде 133 753 тұрғын тұрады. Бүгінгі күні ауданда 65елдімекен табиғи газбен қамтылған, яғни елдімекендердің78% -ы «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Аудан бойынша абонент саны — 14 629.
Биылғы жылы Келес ауданы бойынша тағы 6елдімекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауданның экологиялық тазалығын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарын жылыту маусымында көмір жағып, күл шығару машақатынан құтқарады.