ПРЕЗИДЕНТ ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше:

▪️ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңгені құраған;

▪️«Даму» қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен;

▪️жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен;

▪️бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен;

▪️«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы;

▪️азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген;

▪️аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.

Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *