Шымкент қаласында автомобиль жолдарының ұзындығы – 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетонды – 2 312,3 шқ (71,2%), шағал тасты – 831,4 шқ (25,6%), топырақ жол 103,9 шақырымды (3,2%) құрайды.
Былтыр Қаратау ауданында 50 шақырымдық 70 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Ал 33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселген. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.
Жыл соңына дейін жалпы 87 көшеге 48,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылға дейін 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік , 2023 жылы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 650 рет шығып, 1110 жол-құрылыс материалдарынан сынама алған. Нәтижесінде 600 -ден астам сынамаға сәйкестендіру жұмыстары атқарылған. Жол сапасы – жіті бақылауымызда,- дейді жолшылар.