МЕГАПОЛИСТЕ «SHYMKENT INVEST» ФРОНТ-ОФИСІ АШЫЛДЫ

Шымкентте “Shymkent Invest” фронт-офисі ашылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.   Aронт-офис инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді.

“Shymkent Invest” фронт-офисі ресми ашылу салтанатына мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков пен қала прокуроры Ғабит Мұқанов  қатысты.

Инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады. Фронт-офиспен танысқан қала әкімі бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының жарлығымен инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті.

«Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды», — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

Елдің есіне сала кеткенді жөн көрдік. Бұл  «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар құжаттарды дайындауға, жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беруге көмектеседі.

Қалталы кәсіпкер қала бюджетіне қаржы құю үшін, салған қаражатының қайтарымын ойлайды. Ол сөзсіз. Қағазбастылықтан қашада. Тағы бір тәуір жаңалық.  «Shymkent Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық аясында инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында кеңсеге тұрақты түрде инвесторларға тікелей қолдау көрсететін прокуратура қызметкері бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *