ҚАЗАҚСТАНДА ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді.

Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.

⠀Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *