«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ -2024» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТТІ

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйытқы болуымен «Қоршаған ортаны қорғау-2024» бірінші халықаралық жазғы мектебі аясында  іс-шара  өтті.  Студенттерге «Alidada» компаниясының, «Геокурс» компаниясының, картография және геоинформатика кафедрасының қызметкерлері дәріс оқыды. Қытай Халық Республикасының студенттеріне ыңғайлы болу үшін барлық дәрістер тек ағылшын тілінде өтті.

Жазғы мектепте «Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным» тақырыбына назар аударылды.  Бұл  өз кезегінде студенттердің қызығушылығын оятып, құнды білім алуына мүмкіндік берді.

Білім алушыларға  география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы климаттың өзгеруімен күресу, биоалуантүрлілікті сақтау, жауапты тұтыну және өндіріс, білім сапасы, геожүйеге антропогендік әсерді бағалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдары көрсетіліп, антропогендік қызметтің қоғамға әсер ету факторлары, ресурстарды тұтыну және қалдықтарды өндіру арқылы адам әрекетін бағалау, ағынды суларды тазарту әдістері жөнінде студенттермен пікір алмасты. Ой бөлісті.

Шыңжаң университетінің студенттері, «Қоршаған ортаны басқарудағы ГАЖ», «Балқаш көлі бассейніндегі құрғақшылықтың мониторингі», және «Геотехникалық деректерді басқаруға арналған веб-қосымша» туралы картография және геоинформатика кафедрасының оқытушыларынан құнды ақпараттар алды.

«Біздің экологиялық салдарды азайту — бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашақ ұрпақ үшін планетаның ресурстарын сақтау қажеттілігі. Саналы тұтыну және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – әрқайсымыздың міндетіміз»,— деді  PhD, аға оқытушы Айна Рысмағамбетова.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің өсуіне байланысты көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға тырысуда. Бұл жұмысты жүйелеу құралдарының бірі халықаралық ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесін (ҚБЖ) енгізу болып табылады.

Шетелдік студенттерге еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен таныстыру мақсатында «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытына орай, Алматы бойынша көптеген экскурсиялар ұйымдастырылды. Сабақтан тыс бір мезгіл демалысқа да көңіл бөлінді.

Екі апта бойы Шыңжаң университеттерінің студенттері тұрақты дамудың өзекті мәселелерін зерттеп, осы саладағы озық технологиялармен және практикалық шешімдерімен танысты. Барлық жазғы мектеп қатысушылары бағдарламаны сәтті аяқтағандарын растайтын сертификаттарға ие болды.

Шыңжаң университетінің студенттеріне арналған сабақтар сәтті және қызықты өтті. Осы мүмкіндіктің арқасында көрші елдерден, екі университеттің ұжымы мен білім алушылары арасында тәжірибе және білім алмасу жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *