АРМАН ҚАРСЫБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ – БОЛАШАҚ ТАБЫСТАР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРДЫ ШЕШУДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Құрметті шардаралықтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы халқымыз жалпыхалықтық референдумда дауыс беру арқылы еліміздің негізгі Заңын қабылдап, Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет деп жариялады. Конституция — тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.

Конституция – болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан, Заңмен өмір сүру және Заңды құрметтеу – әр азаматтың борышы. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет және өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.

Шындығында заң мен тәртіп біздің ішкі тұрақтылығымыздың, орнықты дамуымыздың кепілі.

Халқымыз бағындырған белестер мен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық татулық пен ауызбіршіліктің, шынайы түсіністіктің, ең бастысы – Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан игілікті істер.

Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз əлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылып отыр. Əрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде əлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Елімізді əлемнің маңдайалды мемлекеттерінің қатарына қосып, қарқынды дамытып, Қазақстанды өркендете беру – біздің қастерлі де, қасиетті борышымыз!

Қазақстан жерінде тату-тəтті ғұмыр кешіп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің қайнар көзі.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Конституция күні мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.

Құрметпен, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *