Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! “Қағидамыз-әділдік, тірегіміз-жауапкершілік, мақсатымыз-өрлеу”- демекші, Ата заңымыз– мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі.
Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған.
Мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістердің мақсаты – халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.
Конституциялық реформаның нәтижесінде біз “Ел бірлігін нығайтып, азаматтық қоғам құрып” және жан-жақты демократияландыру үдерісін бастап, саяси жүйені жаңғыртуға үлкен жағдай жасауымыз керек.
Заң үстемдігін жүзеге асыру аясында құқық қорғау институттарының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдердің мәртебесі көтерілді. Конституциялық Сот құрылды. Бұл мекеме қазір елімізде заң үстемдігін орнықтыруға барынша ықпал етіп отыр.
Конституцияның әділ әрі берекелі қоғамның тірегі саналатын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы рөлі нығая түсті.
Бірлікпен-тынштықтың қәдірін білетін халқымыз негізгі заңымызды құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындауы – нағыз отаншылдықтың және жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Біз Ата заңымызда бекітілген қастерлі құндылықтарға сүйене отырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті және Әділ Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенеміз.
Әр бір қазақстандықтардың отбасыны бақ-береке, ырыс-ынтымақ берекелі табыстар тілейміз!
Ұлы даланың перзенттері Достық керуенінде мәңгі бірге болсын !!! Конституция куни муборак, халқимиз омон бўлсин!!!
Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы