«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ШАРАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Созақ ауданы Қаратау ауылдық округіне қарасты Ақсүмбе елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Елді мекен ішіндегі көшелер мен тұрғын үй, мекеме аулаларын ретке келтірді. Тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Жол бойындағы негізсіз өскен шөптер мен қураған ағаштарды отап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 30-қа жуық жергілікті тұрғындар қатысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, 1,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.

Созак орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі де  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экология акциясынан шет қалмады. Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмысы жүргізілді. Сенбілік барысында арықтар тазаланып, , қоқыс қалдықтары арнайы орынға шығарылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *