ТИМУР ЖАНТИКИН: 1200 МВТ АТОМ РЕАКТОРЫН ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСІНЕ КІРІКТІРУ ОҢАЙ ЕМЕС

Қазақстанда АЭС салынған жағдайда 1200 мегаваттық реакторды елдің энергетика жүйесіне кіріктіру мүмкін емес екенін айтып жүрген сарапшылар бар. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин агенттік тілшісіне берген сұхбатында осындай сыни пікірлерге былайша үн қатқан болатын.

«Біз су ішіндегі су атом реакторын таңдап қойдық. Қауіпсіздік мәселесінде бір проблема болған. Сол проблема аздап шешілмей жатыр деуге болады. Біз салсақ деп отырған 1200-1400 мегаваттық атом реакторын Қазақстанның энергетика жүйесіне кіріктіру оңай шаруа емес. Тепе-теңдікті сақтау, апаттық сәтсіздіктер кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты мәселелер айқын емес. Бірақ оның бәрін шешуге болады. Ең оңтайлы жолын табу керек», — дейді сарапшы.
Энергетик елде салынуы мүмкін деп отырған алғашқы АЭС 1200 мегаваттық реакторға негізделгенімен, шағын қуатты реакторларды есептен мүлдем шығарып тастауға болмайтынын айтады.

«Қазақстанның жүйесіне шағын қуатты реакторлар жақсы келер еді. Мысалы, тоқсаныншы жылдары 640 МВт-тық су ішіндегі су атом реакторын салмақшы болдық. Қазір шағын модульдік реакторлар сәнге шыға бастады. Ал біз 2000 жылдардың басынан бері бұл тақырыпты зерттеп келе жатырмыз. Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының алаңында АЭС салуға бағытталған жоба болған. Ол жерде 300 МВт-тық екі блок орнатпақ болғанбыз. Қазір әлемнің шағын модульді реактор деп жүргені сол. Бұл істе біз жер шарының алдына шығып кеткенбіз. Осының бәрін ескерсек, шағын модульді реакторларды да есептен шығарған жоқпыз. Біздің компания осы технологияны ұсынушылармен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды. Өте сезімтал ақпараттарды алмасумен байланысты басқа да құжаттар бар. Бұл америкалық компаниялардың бірі — NuScale Power. Екіншісі — General Electric. Бұл жапон-америкалық бірлескен кәсіпорын болып есептеледі», — дейді Тимур Жантикин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *