1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында жасы 100-ден асқан әжелерді Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Аудан басшысы алдымен Қазыбек би ауылдық округі, Жамбыл елді мекенінің тұрғыны 1922 жылы Түркістан ауданында туылған Қалдан Қадырбекованың шаңырағында болды.
Бүгінде 102 жасқа толған Қалдан апа 1939 жылы Киров ауданына отбасымен канал қазуға көшіп келіп, осында тұрақтап қалған. Өзінен туылған 8 перзенттен 40 немере, 60-қа жуық шөбере мен шөпшек сүйіп отырған батыр ана.