ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛМАҚ

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды.

Облыс әкімі бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.

Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын Xinjiang Lihua Group Co., LTD компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптерді де әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылғы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы – 3987,39 гектар, 6 қосалқы аймақтан тұрады.

Бұл аймақта 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Барлық жобалар іске қосылғанда 7 221 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2,5 мың жұмыс орнын құрайтын, жалпы сомасы 175,72 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы пысықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *