Түркістан – Циндао: жаңа серіктестік көкжиегі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және туризм салаларын қамтитын 20-ға жуық инвестициялық жоба бойынша келіссөздер өтті.

Іскерлік кездесулер Шаньдун провинциясының Циндао қаласында өтті. Делегация жетекші компаниялармен нақты жобаларды талқылап, өндіріс орындарын аралады.

Сапардың басты мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттерді орындау. Мемлекет басшысы өңірлік дамуды халықаралық серіктестік пен нақты жобалар арқылы жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Кездесулердің бірі әлемге әйгілі TSINGTAO BREWERY CO., LTD. компаниясында өтті. 1903 жылы құрылған зауыт өнімін 120-дан астам елге экспорттайды. Компания денсаулыққа пайдалы сусындар өндірумен де айналысады. Екі тарап сыра өндірісі және мәдени жобалар бағытында серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды.

Келесі кездесу Qingdao Sigma Chemical Co., Ltd. компаниясымен өтті. Бұл кәсіпорын тыңайтқыштар мен экологиялық өнімдер шығарады. Әкім Нұралхан Көшеров шегірткемен күрес және ауыл шаруашылығын химияландыру мәселесін көтерді. Қауіпсіз әрі заманауи технологияларға деген сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті.

Компания сонымен қатар электр жабдықтары мен құрылыс материалдарын да шығарады. Басшылық Қазақстанмен логистикалық қатынастарды нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Делегация Qingdao International Investment Co., Ltd. мемлекеттік холдингімен де келіссөздер жүргізді. Жарғылық капиталы – 1,5 млрд юань. Холдинг қазіргі таңда 622,6 млрд юань активті басқарады. Ол жасыл технологиялар, цифрландыру және өңдеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар жобалар ұсынылды. Соның ішінде Дазэшань жүзімін Түркістанға бейімдеу, көкөніс кептіру және өңдеу зауытын салу, жержаңғақ өңдейтін орталық ашу, қонақүй мен туристік кешен құрылысы бар.

Облыс әкімі ұсынылған жобаларды мұқият зерттеуді тапсырды. Қытай тарапы Түркістанға жоғары қызығушылық білдіріп отыр. Кәсіпорындар ашық әрі нақты серіктестікке дайын екенін көрсетті.

– Бұл сапар – нақты жобалар арқылы табыс арттыруға бағытталған маңызды қадам. Түркістан – тарихи ғана емес, индустриялық және инвестициялық әлеуеті бар өңір, – деді Нұралхан Көшеров.

Циндао – Қытайдың Шаньдун провинциясындағы ірі қала. Халқы – 10 миллионнан асады. 2024 жылғы ІЖӨ – 1,6 трлн юань. Қала өнеркәсіп, логистика және агроөнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарда.

Түркістан делегациясының бұл сапары – жаңа даму кезеңінің бастауы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *