Шымкент спортшысы – Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы

Германияда өткен XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарында таэквондо спортынан алтын жүлде иеленген Самирхон Абабакиров Шымкентке оралды.

Самирхон Абабакиров Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Шымкент қалалық халықаралық әуежайында чемпионды ресми түрде қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шараға университет ұжымы, ата-анасы, туыстары, достары, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл жетістік – спортшының жеке еңбегі мен жаттығудағы табандылығының, сондай-ақ жоғары білім мен спорт саласына көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесі ретінде бағалануда.

Университет әкімшілігі Самирхон Абабакировты халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтап, болашақта да спортта жоғары нәтижелерге жететініне сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *