Шымкент қаласында соңғы екі күнде коронавирус инфекциясын жұқтырған 137 адам тіркелді. (17.05.2020 жылғы, сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 137 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 4 науқас Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтіжесінде анықталған. 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.
Bozyq.kz