МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: КӨПТЕГЕН ТҰРҒЫН БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ СЫНМЕН ҚАРАУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын екшеді.

2020 жылдың сәуір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарына қазынадан 2 млрд 400 млн қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын «Береке» корпорациясына жүргізіп жатыр.  Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер компанияға жұмыс сапасына аса назар аударуды тапсырды.

«Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, екінші жағына лоток орнатылуда. Құбыр қойған себебіміз, оның үстіне веложол салынады. Сол себепті, асфальтті жаңбыр суы көбіне лотокқа қарай құйылатын етіп төсейміз. Жауын-шашын кезінде су солараға құйылады да, жолды су басу қаупі болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы   жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ»,- дейді қала әкімі.

Айта кетейік, Республика даңғылының екі бағытында да 4 жолақты жол қарастырылған. Ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын көпір мен даңғылдың күрделі жөндеу жұмыстарына бүгінде 150 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл жұмыстарды 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *