МЕШІТТЕР МЕН МЕЙРАМХАНАЛАР АШЫЛМАЙДЫ

Шымкентте короновирус инфекциясына шалдыққандардың саны күрт өсті. Соңғы екі тәулікте ата жаман ауру 137 адамның ағзасынан табылған. 18 мамырда коронавирус  инфекциясын жұқтырған 404 адам тіркелді.

Бұдан былай  коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары қоғамдық көлік қызметі өкілдері арасында да жүргізілетін болды.  Қауіпті індеттің алдын алуда қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалып отыр.  Бұл ретте «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 137 жағдай анықталды.  Карантинге зауыттың жатақханасы жабылғанымен, кәсіпорын жұмысын тоқтатпаған.

Еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанымен карантин режимі алі де сақталуда. Алайда, шымкенттіктердің сақтық шараларын сақтап жатқандары шамалы. Қарапайым бетперденің өзін киюге құлықсыз. Тіпті, қауіпті кеселге сенбестік танытып жүргендері де бар.

Қаламызда вирус жұқтырғандардың қатарының күрт көбеюіне байланысты 18 мамырдан бастап іске қосылады деген нысандар жұмыстарын әзірге тоқтатуда.  Оның ішінде мешіттер мен қоғамдық тамақтану орындары да бар.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *