Бүгінде Президент жүктеген міндетке сай басқарудың барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік қызметшілердің оңтайлы санын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, мемлекеттік қызметте тек кәсіби мамандардың қалуы көзделуде. Сонымен бірге «қызмет үшін – адам» қағидаты емес, «адам үшін – қызмет» қағидатына негізделген сервистік мемлекет құруға көшу жоспарланған. Қазірдің өзінде атқарылған жұмыстар аз емес, алға қойған міндеттер айқын.
Біздің есебіміз бойынша Шымкент қаласында 1932 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Оның 50 пайызы әйелдер. Осы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жас шамасында. орташа еңбек өтілі 9,8 жылды құрайды. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 471 (24,4%) адам.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7,3% аспауы тиіс. Стратегиялық жоспарға сай І тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 0,97% құрап отыр. Яғни, бас бармақпен бағалауға болады.
2020 жылдың І тоқсанында 286 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланған екен. 696 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 127 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалған. Ішкі конкурс бойынша 39 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылаған.
Bozyq.kz