Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі

Шымкенттік полицейлер студенттермен кездесіп, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертті,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

​Оқу жылының аяқталуына орай, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шараның өткізілуі кезеңінде шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.

​Бұл жолы олар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан зерттеу университетіне барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.

​Жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

​Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.

​ Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта өткізілген кездесуде мамандар студенттерге есірткінің зияны, оның адам өміріне тигізер зардаптары және заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.

Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, жастарға пайдалы ойлар мен маңызды ақпараттар берілді.

Салауатты өмір салтын ұстану – бақытты өмірдің кепілі. Әр адам өз өмірінің құндылығын түсініп, дұрыс таңдау жасай білсе, қоғамымыз да жарқын әрі қауіпсіз болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *