Қайтарылған активтер балалар игілігіне жұмсалуда

Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде қайтарылған активтер есебінен жаңа заманауи тұрғын үй корпусы пайдалануға берілді.


Пайдалануға берілген жаңа ғимарат 300-ден астам тәрбиеленушіге заман талабына сай, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруге және білім алуға мүмкіндік береді.

Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба – мемлекетке қайтарылған активтердің жас ұрпақтың жарқын болашағы мен игілігіне бағытталып жатқанының айқын дәлелі.

Осы орайда, интернат ұжымы мен тәрбиеленушілері маңызды жобаның жүзеге асуына тікелей үлес қосқан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Шымкент қаласының прокуратурасына және қала әкімдігіне шексіз алғыстарын білдірді.

Заңдылықты қамтамасыз ету және қайтарылған активтерді халық игілігіне бағыттау жұмыстары одан әрі жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *