Шымкенттегі Нәзір Төреқұлов көшесінде жол сапасына ведомстволық сараптама жүргізілуде

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары Нәзір Төреқұлов көшесінде ведомстволық сараптама жұмыстарын жүргізуде.


Сараптама Өмірзақ Жолдасбеков көшесінен Сайрам көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Зерттеліп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығы 1540 метрді құрайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты – жол жабынының сапасын бағалап, қолданыстағы талаптар мен стандарттарға сәйкестігін анықтау.

Сараптама нәтижелері жолдың техникалық жай-күйіне объективті баға беруге және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдауға негіз болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *