ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.  Өзгертуге ұшыраған заңның аясында бұдан былай, педагогтардың құқықтарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері жауапқа тартылады. 

Енді лауазымды тұлғалар ұстаздарды  кәсіби міндетіне кірмейтін жұмыс түріне тартса, жұмыс бабынан өзге есеп түрін талап етсе құзырлы орындар жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Алғашқыда ескерту жасайды. Ескертуді елемеген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады. Егер де оған да көнбеген жағдайда айыппұл  салынады. Сонымен қатар, енді орта білім беру ұйымдарының түрлері бойынша жеке-жеке талаптар қарастырылатын болды. Мысалы, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін жоғары және бірінші категориясы бар педагогтардың үлесі көбірек болуы тиіс. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының материалдық құрал-жабдықтарына қатысты талаптар күшейтілуде нормалар да өзгеріске ұшырады. Мұнымен қоса, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы туралы талаптар да қосылды.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *