«ӘСКЕРИ БАСПАНА» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Елімізде «Әскери баспана» бағдарламасына құжат қабылдау жүріп жатыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  арқылы берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 15 пайыз. Алғашқы жарна 10 пайыз болуы тиіс.

Бұл бағдарламаның көмегімен әсерилер жаңа және қолданыстағы үйден пәтер алуға болады.  Оған алты ай уақыт береледі. Өтінім беруші жылжымайтын  мүлікті баспана кезегінде тұрған аймақтан ғана сатып ала алады.

Қорғаныс саласындағы  қызметкерлер  мемлекеттік бағдарламаға қатысу тиімді екенін айтуда. Өйткені, несиені әскерилердің отбасы мүшелеріне берілетін ақшалай компенсация арқылы жабуға болады. Алғашқы жарнаның пайызы да  төмен.

Естеріңізге сала кетейік, 2019  жылы қорғаныс саласының 20 маманы осы бағдарлама арқылы баспаналы болған. Биыл  республика бойынша  3000 отбасы қоныс тойын тойламақ.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *